Темирмаш компани

Мамандарға арналған арнайы жабдық!

Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Орталық өнеркәсіптік аймақ, құрылыс №573
+7 (7182) 73-07-57
Слайд

Слайд

Модельдік қатар

Слайд

Kamaz

Слайд

Мазман

Слайд

Газ

Слайд

Татра

Слайд

Шынжыр табанды болотоход

Слайд

Модульдік ғимарат

Слайд

Бадья

Слайд

Опалубки

Слайд

Көпір құрылысы

Сертификаттау
Марапаттары
Лицензиялар

Жаңалықтар

Компания туралы

Ызғарлы климат пен табиғат адамды сынайтын, кең далада орналасқан қалаларда тұратын адамдардың өмірі машиналарға тікелей байланысты болып табылатын Қазақстанның ең шалғай жерлерінде «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС шығаратын техниканы кездестіруге болады.

«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС – бұл жаңа заманауи машина жасау зауыты, ауыр жағдайларда пайдалану үшін автотехника шығарушы.


«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС 2010 жылғы 9 қарашада құрылды.

Қысқа уақыттың ішінде өндіріс орны Қазақстанда арнайы техника шығару бойынша жетекші зауытқа айналды.

Компания бәсекелестік нарығында бекініп, сенімді өндіруші және шығарылатын өнімді жеткізуші бола тұра өз орнын таба білді. Өнеркәсіп басшылығы жоспарлы түрде басқа зауыттармен серіктестік қарым-қатынас орнатуда. Өндірістік кешен солтүстік шығыс Қазақстанда, Павлодар облысының әкімшілік орталығы болып табылатын таңқалдырарлық Павлодар қаласында орналасқан.

«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС бүгінгі таңда дайындамалардан бастап дайын өнімді шығаратын аяқталған өндірістік циклді машина жасау кәсіпорны.

Барлық өнімдер сапалы лак-бояу материалдарымен қапталады. Өнім сапасының техникалық бақылауы өндірістің маңызды сатысы болып табылады. Шығарылатын әрбір бірлік міндетті сынау сатысынан өткізіледі.

Зауыттың өндірістік қуаты өнімнің кең спектрін шығаруға есептелген және заманауи техникалық жабдықтармен толықтырылған. «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС өндірістік алаңдарының ауданы 2000 шаршы метрден артық. Құрылыс ауданы 4000 шаршы метрге жуық.


«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС жыл сайын 100 аса арнайы техника бірлігін шығарады. 20 аса кәсіпорын компанияның серіктесі болып табылады.

«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС соңғы тұтынушылармен тығыз ынтымақтастықта жобаланған техниканы шығарады. Беріктік пен сапа, пайдалану қолайлығы мен қызмет көрсетудің оңайлығы – әрбір автокөлік кешенін дайындау кезіндегі негізгі критерийлер.

«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС қызметінің маңызды аспектісі. Тапсырыс берушіге жеткізілген техниканы жобалау мен дайындаудан бастап, ары қарай кепілдікті және кепілдіктіден кейінгі қызмет көрсету, жөндеуге дейінгі жұмыстардың толық спектрін көрсету. Өнімді дайындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Біз басқа өндірушілермен салыстырғанда басымдылықтары бар бірегей өнімді жасауға ұмтыламыз.

2013 жылдың соңында «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС шағын бизнесті субъектілеуден орта бизнеске көшті. «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС шығарылатын өнімге барлық дерлік нормативтік құжаттардың әзірлеушісі (ЖШС СТ мекеме стандарттары) болып табылады. Бүкіл нормативтік құжаттама белгіленген тәртіпте тіркелген, келісілген және өзектендірілген.

Зауытта сапа менеджментінің төрт жүйесі енгізілген және қолданылады:
- Сапа менеджмент жүйесі (ҚР СТ ИСО 9001-2009);
- Экологиялық менеджмент жүйесі (ҚР СТ ИСО 14001-2006);
- Кәсіби қауіпсіздік менеджмент жүйесі (ҚР СТ OHSAS 18001-2008)
- Сапа менеджмент жүйесі (ҚР СТ ИСО 50001-2009);

Барлық қызметкерлер жоғары білікті мамандар және компанияға жұмысқа орналасу үшін қатаң түрде іріктеледі. Компания басшылығы өз кезегінде барлық деңгейлерде жұмыс істеу үшін жайлы жағдай жасайды. Әрбір қызметкердің тиімді жұмысының арқасында кәсіпорын табыс пен жұмысының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізеді.

Толығырақ
Заказать коммерческое предложение